Жаңа тариф 1 қазаннан бастап күшіне енеді. Бағасы көтерілген билет тамыз айының ортасынан бастап сатыла бастайды.
Көлік министрлігі баспасөз қызметі бүгінде елімізде 14 теміржол тасымалдаушысы жұмыс істейтінін және жолаушылар пойызы 140 бағытта қатынайтынын айтты. Оның 62-сінде тариф көтеріледі.
– Пойыздарда көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, сонымен қатар теміржолшылардың жалақысын көтеру жоспарланып отыр. Қазір біздің елде осы бағыттарда 2667 вагон жүреді, тозу деңгейі өте жоғары – 44 пайыз, – деп түсіндірді Көлік министрлігінің ресми өкілі Ләззат Стамғазиева.