Қазақстанда 43 градусқа дейін күн ысиды

0 7

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Мекеме мәліметінше, 23, 24 және 25 шілде күндері Қазақстан аумағында атмосфералық қысым төмендеп, құбылмалы ауа райы қалыптасады.

Мәселен, 24-25 шілде аралығында елдің басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, күндіз солтүстік-батыста, солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін. Ал шығыс пен оңтүстікте ауа температурасы көтеріледі.

«Күндіз ауа температурасы республиканың шығысында +30…+35, оңтүстікте +38…+43, оңтүстік-шығыста +31…+37 дейін көтеріледі деп болжанып отыр», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.