Өткен түні Жамбыл облысы Қаратас ауылында жеке тұрғын үйдің аумағында қора өртеніп, салдарынан 47 бас ұсақ мал мен 1 жылқы қырылып қалды.
Өрт 220 шаршы алаңды шарпыды.
Мамандар өрттің тұтануына электр сымдарының қысқаша тұйықталуы себеп болуы мүмкін екенін айтты.
Өңірдегі ТЖД өрт сөндірушілері 50 минут ішінде өртті өшірді. Оқиға орнында 7 құтқарушы және 2 техника жұмыс істеді.