26 наурызда Қазақстан құрамасы Люксембургпен жолдастық кездесу өткізеді.
Қазақстан құрамасы Афинада Ұлттар лигасының жартылай финалдық матчында Грекия құрамасымен ойнады,.
Бастапқы құрам мынадай болды:
Грекия: Влаходимос, Балдок, Мавропанос, Цимикас, Бакасетас, Курбелис, Мадалос, Хатзидиакос, Масурас, Яннидис, Пелькас;
Қазақстан: Шацкий, Вороговский, Ерланов, Марочкин, Быстров, Каиров, Астанов, Зайнутдинов, Бейсебеков, Чесноков, Самородов.
Алғашқы минуттардан-ақ гректер алға ұмтылып, үзіліске дейін де Игорь Шацкийдің қақпасына төрт гол соғып үлгерді. Ал қазақстандықтардан Игорь Чесноковтың алыстан соққан добы көзге түсті. Екінші таймда Магомед Адиев үш ауысым жасады. Қонақтар белсендірек ойнады, нысанаға жиі гол соқты. Ойынның 87-минутында Еркін Тапалов өз қақпасына гол соғып жіберді.
Нәтижесінде, 5:0 есебімен Грекия құрамасы жеңіске жетті. Осылайша, Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының жолдамасынан қағылды.
Енді 26 наурызда Қазақстан құрамасы Люксембургпен жолдастық кездесу өткізеді.