Министрлік журналист құқығын шектеуге жол бермейді – Балаева

0 15

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Министрлік әрқашан журналист құқығын шектеуге жол бермеу, ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету және обьективті ақпарат тарату ұстанымын берік сақтайды, – деді министр.

Бұл ретте кешегі сот отырысында арнайы орынның болмауына байланысты БАҚ өкілдері сот отырысын белгіленген бөлек бөлмеде отырып көрді.

Алайда БАҚ өкілдеріне тиісті орындар болуы керек. Осы жағдайды ескере отырып, министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, журналистерді қажет орындармен қамту жұмысын жүргізетін болады.

Жалпы, БАҚ өкілдерін сот процесін жариялау кезінде бірқатар этикалық аспектілерді, атап айтсақ, заң үстемдігін, бейтарап әділеттілікті ескеріп, жалған ақпараттың таралуынан және кез келген формада сот қызметіне араласудан сақ болуға шақырамын, – деп жазды Аида Балаева.

BAQ.KZ.