Департаменттің жаңа ғимараты пайдалануға берілді

0 4

Тараз қаласында Жамбыл облысы бойынша Шекара қызметі департаменті әкімшілік ғимаратының салтанатты ашылуы өтті.

Облыс әкімі Н.Нұржігітов салтанатты іс-шара барысында сөз сөйлеп, ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Шекара қызметінің әскери қызметшілеріне өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз етудегі еңбектері үшін алғыс білдірді. Шекара қызметінің дайындығы мықты болып, жұмысын үнемі жетілдіріп отыруда олардың жаңа техникаларды пайдалана отырып, жайлы, заманауи ғимаратта жұмыс істеуі маңызды.

Өз кезегінде ҰҚК төрағасы Е.Сағымбаев облыс басшылығына жаңа ғимараттың құрылысына көрсеткен қолдауы үшін ризашылығын жеткізді. Шекарашылар халықтың, елдің мүдделеріне мінсіз қызмет ететініне және қызметтік борышына адал болатынына сенім білдірді.

Салтанатты ашылу рәсіміне ҰҚК Шекара қызметі директорының бірінші орынбасары А.Аймурзин, сала ардагерлері, әскери қызметшілер және жұртшылық өкілдері қатысты.