4000 тұтқынды босатып жіберді

0 16

Гаитилік банда Кариб теңізінде орналасқан мемлекет астанасындағы түрмеге баса көктеп кірген. Оқиға сенбі күні кешке, мемлекеттің премьер-министрі бандитизммен күресу үшін Гаитиде халықаралық контингентті орнату туралы келіссөздер жүргізу үшін Кенияға барғаннан кейін болған. Осыдан кейін “Барбекю” лақап аты бар қарулы топтың жетекшісі премьер-министрге соғыс жариялады.

Банда түрмеге баса көктеп кірген күні Круа-де-Буке қаласындағы абақтыға да шабуыл жасалған. Круа-де-Букедегі түрмеден қанша адамның қашып кеткені әзірге белгісіз. Гаитидегі абақтыда 3800 тұтқын отырған. Reuters агенттігінің мәліметінше, олардың 99-ы камераларда қалған. Айтуынша, оққа ұшпас үшін олар түрмеде қалуды жөн көрген. Олардың арасында 2021 жылы шілдеде Гаити президенті Джовенел Моисенің өліміне қатысы бар деген айыппен сотталған бұрынғы колумбиялық сарбаздар да бар.

Бұған дейін түрмеге жасалған бірнеше шабуыл кезінде төрт полиция қызметкері қаза тауып, бесеуі зардап шеккен еді. Қарақшылар әуежайға шабуыл жасап, көптеген рейстерді тоқтатып тастады. Бірнеше студент қысқа уақытқа кепілге алынып, оның біреуі жарақат алды.