«Жамбылгипс» цехты жаңғыртып, жаңа қойма салмақ

0 13

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев «Жамбылгипс» АҚ өкілдерімен кездесіп, өндірісті кеңейту бойынша алдағы жоспарларды талқылады. Басқосуға «Saint Gobain» компаниясының бас директоры Владимир Рахманов, «Жамбылгипс» АҚ президенті Андрей Пронченко қатысты.

«Жамбылгипс» АҚ – Жамбыл облысындағы гипсті құрғақ құрылыс қоспалары мен гипсті құрылыс плиталарын шығаратын ірі өндіріс ошағының бірі. Компания өнім ассортиментін кеңейтіп, оның көлемін ұлғайтуға күш салып келеді. Бұл қосымша 40-тан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда бес цех жұмыс істеуде.

Қосымша инвестиция есебінен өндірістік цехты қайта жаңғырту және жаңа қойма салу жоспарлануда.

Талқылау барысында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында қолға алынатын жобаларға ерекше назар аударылды.

Кездесу нәтижесінде тараптар көтерілген мәселелер бойынша ортақ келісімге келді. Облыс әкімі жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар жүктеді.