Тыныштық бөлмесі

0 5

АҚШ-та «абсолютті тыныштық бөлмесі» бар. Мұндағы шу дең­гейі – -9 дБ. Бұл тіпті адам­ның құлағы ести алмайтын, таби­ғат­та кездеспейтін абсолют­ті ты­ныштық.

Тыныштық бөлмесі Миннесотадағы «Orfield Laboratories» зертханасында орналасқан. Мұнда адам тіпті өз жүрек соғысын, қан айналымын, сүйектерінің сықырын ести алады.

Бірақ бұл ты­ныштыққа ешкім ұзақ шыдай алмайды. 45 минуттан артық отырған адамның психикасы сыр беріп, галлюцинация көреді екен.