«Даму» қорының қолдауына ие болған «Сарыбас» жеке кәсіпкерлігі ет өндірісімен айналысып келеді. Бүгінгі күні ел нарығына шыққанына жиырма жыл болған компанияның шұжығы өз брендін қалыптастырып үлгерген. Нарықта үлкен сұранысқа ие.
Кәсіпкер Берік Сабденалиев шұжық өндірісін Тараз қаласында 2006 жылы бастапты. Бүгінде тұтынушыларға дайын өнім ұсынып, ондаған адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтып отырған жайы бар.
– Біз кәсіпкерлер отандық өнімнің дамына өз үлесімізді қосып келеміз. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған әрбір Жолдауында отандық өнім өндірушілерге қолдау көрсету жайын баса айтып келеді. Ол қолдауды өңірде біз де сезінудеміз. Қазір кәсіп бастаймын, жұмыс істеймін деген адамға мүмкіндік мол. Мәселен, 2025 жылы шілде айында өндірісімді кеңейту үшін «Даму» қорының өңірлік филиалына қайырылған болатынмын. Солардың көмегінің арқасында несиеге қол жеткіздім. Менің өтінішімді «Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы «Даму» қоры араласқан соң қолдап, «Өрлеу» бағдарламасы бойынша жылдық мөлшерлемесі 12,6 пайызбен несие рәсімдедім. Бүгінгі күні жұмысым жандана түсті, – дейді кәсіпкер.
Аталған бағдарлама бойынша берілген қаражат инвестициялық мақсаттарға – өндіріс қуаты кеңейтуге және шығарылатын өнім көлемін ұлғайтуға бағытталған. Бұдан бөлек, «Даму» қоры өзге де көптеген кәсіпкерлерге «Өрлеу» бағдарламасы аясында қолдау көрсетіп отырғанын атап өткен жөн. Міне, қордың қолдауының шеңберінде «Сарыбас» жеке кәсіпкерлігі де құрал-жабдықтарды жаңғыртуға, өндіріс тиімділігін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік алып отыр.
Бүгінде жиырма жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан жеке кәсіпкердің ет өндірісі отандық нарықта «Сай-ко», «Сарыбас» және «Болат и Ко» деген үш сауда маркасымен танымал. Кез келген дүкенде бұл өнім толып тұр. Кәсіпкер тұтынушыларына табиғи және дәмді шұжықтарды ұсына отырып, сатып алушылардың сеніміне ие болған. Бүгінгі күні компанияның ассортименті 39 түрлі шұжық өнімін қамтиды. Оның ішінде классикалық сервелаттар мен сиыр шұжығынан бастап «Ірімшік салынған күркетауық» немесе «Прима» сияқты бірегей дәмге ие өнімдер бар. Шикізат сапасына ұдайы назар аудару, заманауи жабдықтар мен технологияларды қатаң сақтауға кәсіпорында жіті көңіл бөлінген. Жалпы «Сарыбас» өнімін сатып алушылар да жоғары бағалайды. «Даму» қорының қолдауы және «Банк ЦентрКредитпен» ынтымақтастығы біз сияқты жеке кәсіпкерлердің дамуына жол ашты. Соны серпін берді жұмысымызға. Біз сатып алушыларға Қазақстанда өндірілген сапалы және дәмді өнімдерді ұсынатынымызға сенімдіміз», – деді Берік Сабденалиев.