Қырғызстанда қызылшамен ауырғандардың саны артты

0 12

Қырғызстанда қызылша індетіне байланысты қызылша мен қызамыққа қарсы қосымша иммундау науқанының екінші кезеңіне дайындық жүріп жатыр.

Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Республикалық иммунопрофилактика орталығының мәліметінше, қызылша ауруына қатысты жағдай шиеленіскен күйінде қалып отыр. Елде қызылшамен ауырған 4855 адам тіркелді. Вирустың белсенді айналымы Бішкек, Шу және Жалал-Абад облыстарында байқалады.

«Аурудың көбеюінің негізгі себебі балалар мен ересектер арасында қызылша мен қызамыққа қарсы жоспарлы иммундаудан бас тартудың көптігі себеп болып отыр. Науқастардың 85 пайызы 10 жасқа дейінгі балалар», деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Республикалық иммунопрофилактика орталығында дәрігерлерге арналған тренингтер өткізілуде, оның мақсаты — медицина қызметкерлерінің әлеуетін, халықтың хабардарлығын арттыру.