Қазақстанның ерлер құрамасы Марокконың Касабланка қаласында өткен 2026/2027 жылғы маусымдағы Әлем кубогының алғашқы кезеңінде топ жарды. Командалық финалда қазақстандық спортшылар Ресей құрамасын 45:40 есебімен жеңіп, алтын жүлдеге қол жеткізді.
Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен ақтөбелік Александр Федотов та жеңіске өз үлесін қосты. Команда құрамына сондай-ақ Кирил Павлов, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов енді.
Жарыс барысында қазақстандық семсерлесушілер Түркия құрамасын 45:20, ал Гонконг спортшыларын 45:28 есебімен ұтты. Нәтижесінде ұлттық құрама халықаралық додада жоғары нәтиже көрсетіп, маусымды алтын медальмен бастады.