Қара құрдымның құпиясы

0 4

Халықаралық астрофизиктер тобы әлемде аса алып қара құр­дым­дар­дың қалай үлкен массаға жет­кенін түсіндіретін жаңалық ашты.

Ғалымдар «XMM-Newton» мен «Chandra» рентген телескоптарын пайдаланып, ғарыш тарихындағы ең алғашқы 21 ква­зарды зерттеді. Нәтижесінде, қара құр­дым­ның физика заңдарын бұзып, шексіз жылдамдықпен өсетін механизмін анықтады. Негізгі теорияға сәйкес қара құрдымдар Эддингтон шегінен асқан кезде өсуді тоқтатады. Алайда жаңа зерттеулер қара құрдымдардың жоғары тартылыс фазасына кіріп, шексіз жылдамдықта өсе беретінін дәлелдеді.