Қанды сарқырама – мұз құрсауындағы тылсым өзен. Антарктидадағы Тейлор мұздығынан аққан қызыл түсті су зерттеушілер арасында «Қанды сарқырама» аталып кеткен.
Бұл ерекше құбылыс судың құрамында темір тотығының әсерінен болады. Су мұз қабатындағы жарықшақтан атқылап шығады. Ал оның бастауы 400 метрлік мұз қабатының астында жатыр. Ғалымдар бұл өзен 2-4 миллион жыл бұрын ежелгі теңіз суынан қалыптасқан деген болжам айтады. Мұз астында қалғанымен, оның тұздылығы мұхит суынан төрт есе жоғары, сондықтан –100C температурада да қатпайды. Бұл жаңалық астробиология саласы үшін үлкен жетістік, өйткені осындай экстремалды жағдайда тіршілік ететін микроағзалардың болуы Марс немесе Еуропа (Юпитер серігі) сияқты аспан денелерінде де өмірдің бар екендігін дәлелдей түседі.