Өткен жылы 51 мыңнан астам жамбылдық тұрақты жұмыспен қамтылды

0 6

Жамбыл облысында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларының арқасында кәсіпкерлікті және оқыту бағдарламаларын дамыту, мемлекеттік гранттар беру есебінен жұмыс орындарының саны артуда.

​2024 жылы әлеуметтік саланы дамытуға 42,4 миллиард теңге бөлінді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1,2 есеге артық. ​Мемлекет басшысының 10 мың тұрғынға 100 жұмыс орнын құру туралы тапсырмасын орындау міндеті асыра орындалды. Жаңа кәсіпкерлік бастамаларды қолдау есебінен 13,1 мыңнан астам жұмыс орны құрылды (жоспар – 11 мың).

​Өңірлік жұмыспен қамту картасы азаматтарды жұмысқа орналастыруды жоспарлауға және еңбек нарығының қажеттіліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Осы карта шеңберінде 70,1 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, оның ішінде – 51,3 мың тұрақты жұмыс орны.

​Жыл қорытындысы бойынша халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамту жоспары да асыра орындалды. ​2024 жылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 62,7 мың жамбылдық (жоспар – 55,6 мың) қамтылды. Атап айтқанда, олар тұрақты және субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылды, өтеусіз гранттар алды.

​Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2024 жылы атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 2023 жылмен салыстырғанда 10,8 мың адамға кеміді.

​Өңірде 2025 жылы 65,6 мың жұмыс орнын құру күтілуде, оның ішінде 48,2 мың тұрақты жұмыс орны.