Өндіріс көлемін жылдан жылға арттыруда

0 5

Облыс әкімі Берік Уәли Бородулиха ауданына жұмыс сапары барысында Жезкент кентіндегі «Шығыстүстімет» тау-кен өндіру кәсіпорнында болды.

Мыс-полиметалл кенін өндірумен және қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорын өндіріс көлемін жылдан жылға арттырып келеді. Өндірісте 1843 адам жұмыс істейді. Компания 2024 жылы бюджетке 1,3 миллиард теңгеден астам салық төлеген.

Кәсіпорын өңірдегі әлеуметтік бастамаларға тұрақты түрде қолдау көрсетіп келеді. 2020-2024 жылдар аралығында компания Абай облысында денсаулық сақтау және спорт салаларына бағытталған бірқатар маңызды жобаларды қаржыландырған.

Аймақ басшысы мен компания жетекшілерінің қатысуымен өткен жиында кәсіпорынның атқарған жұмысы мен жобалары туралы баяндалды. Облыс әкімі өндіріс орнының басшылығымен пікір алмасу барысында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында облысқа әлеуметтік нысандар салуға көмек көрсетуге шақырды.