Әлемдік мәдени мұраның айрықша нысаны саналатын әйгілі Нотр-Дам-Де-Пари шіркеуі қайта ашылды. Салтанатты іс-шараға Франция президенті Эмманюэль Макрон мен АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп қатысты.
Айта кетейік, 2019 жылғы алапат өрттен кейін әйгілі шіркеу күрделі жөндеуден өткен еді. Оны қалпына келтіру жұмысына 760 миллион доллар жұмсалып, 250 компания мен 2 мыңнан астам адам атсалысқан. Париждің көрнекті орны енді келушілерді қабылдай бастайды.