Эстафетаны Жамбыл облысының өкілдеріне тапсырды

0 7

Елордада таңғы сағат 7.00-ден бастап атқа мінген 30-ға жуық шабандоз елорданың көрнекті жерлерін аралап шықты. Бұл ерекше іс-шара көшпенділердің 5-ші Дүниежүзілік ойындары қарсаңында ұйымдастырылды.

Іс-шараға қатысушылар “Барыс Арена” мұз айдыны сарайының маңындағы іргелес аумаққа жиналып, Бұқар жырау, Түркістан, Орынбор, Ақмешіт, Достық, Қабанбай батыр даңғылдарымен жүріп өтті. Шабандоздар Астананы алдағы ойындарға безендірген шағын архитектуралық формалардың жанынан өтіп, іс-шара Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайының жанында аяқталды.

Шеру кезінде бүкіл маршрут бойынша жол қозғалысы уақытша жабылды.

– Мен қазақ дәстүрлерін насихаттаймын. Солардың бірі – менің жылқыларға деген сүйіспеншілігім. Осы іс-шарадан кейін мен қалада атпен жиі жүремін деп ойлаймын. Бүгінгі таңдағы біздің мақсатымыз – қазақстандықтарды мәдениетімізді, тарихымыз бен дәстүрлерімізді көрсететін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысуға шақыру. Осылайша, біз патриотизмді дәріптеп, спортшыларға қолдауымызды және Отанға деген сүйіспеншілігімізді көрсетеміз. Сонымен қатар бұл ауқымды іс-шара қазақстандық туризмнің дамуына үлес қосады. Этно-мәдени код — бұл шетелдік туристерді шынымен қызықтыратын нәрсе. Менің ойымша, біз бұл бағытта кішігірім және үлкен қадамдар жасауымыз керек, – дейді “Tengri Road” саяхатшылар ат клубының негізін қалаушы Сағадат Темкенов.

Сағадат Темкенов этно іс-шара эстафетасын Жамбыл облысының өкілдеріне тапсырып, ойын басталғанға дейін әр өңірде осындай акция ұйымдастыруға шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйекте өтеді. Іс-шараға әлемнің 89 елінен 2000-ға жуық спортшы қатысады деп күтілуде.