Доллар бағамы көтерілді

0 3

Қазақстанда доллардың 4 қарашадағы бағамы белгіленді.

Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысына сәйкес, доллардың орташа сараланған бағамы 1,09 теңгеге көтеріліп, 489,36 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 4 қарашадағы ресми бағамы – 488,11 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 489,02 теңгеге, сатылымы 490,52 теңгеге тең. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 488,99 теңгеден сатып алынып, 492,05 теңгеден сатылып жатыр.

Айта кетейік, 1 қарашада KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,12 теңгеге төмендеп, 488,11 теңге болған еді.