Британдық дәрігер Майкл Мосли жеке зерттеуіне сүйеніп, адамның психикалық және физикалық қалыбын жақсартуға көмектесетін бірнеше тәсіл ұсынды. «DailyMail» басылымында жарияланған бұл мақалада қамтылғанның біразы оғаш көрінуі мүмкін.
Шай ішу
Аустралияда 10 жылдан астам уақыт жүргізілген бір зерттеу жұмысының қорытындысына сәйкес, күніне 3 кесе шай ішкен 75 жастан асқан мыңдаған әйелдің күніне 1 кесе шай ішкендерге қарағанда остеопорозға ұшырау қауіпі аз.
Одан бөлек, шай ішу – тынығудың тамаша тәсілі. Көпшілік жұмыстан келе сала шай ішу рәсімін дайындайды. Асықпай шай ішкенді қалайды. Одан бөлек, шай құрамында мидың жұмыс істеу белсенділігін арттыратын L-теанин заты бар.
Теріс қарап алға қарай жүру. Бір қарағанда бұл тәсіл біртүрлі көрінуі мүмкін, алайда, бұл әдіс физиотерапияда жіліншікті емдеу үшін жылдар бойы қолданылып келеді. Теріс қарап алға қарай жүру жүру мәнерін, тепе-теңдікті жақсартуға, епті болуға септігін тигізеді. Ал 2018 жылы Рохэмптон университетінде жүргізілген зерттеулер бұл тәсіл сондай-ақ есте сақтау қабілетін жақсартуға оң ықпал ететінін көрсетті. Бұл экспериментті өткізген ғалымдар теріс қарап артқа жүрген кезде бұған дейін істегеніңізді еске түсіп, есте сақтау қабілетініңіз жақсара түсетінін мәлімдейді.
Жаңбыр жауып тұрғанда далаға шығу. Егер таза ауамен тыныстағыңыз келсе, жаңбыр жауған күні сыртқа шығыңыз. Себебі жаңбыр ауа сапасын жақсартады. Жуырда Жапонияда жүргізілген зерттеу жаңбыр тамшылары ауадағы 10 мыңдаған ластаушы бөлшектерді «басып», жуатынын анықтады. Жол қозғалысы кезінде пайда болатын бұл бөлшектер денсаулыққа өте зиян. Біз тыныс алғанда оларды жұтынып, өкпемізге «орналастырамыз».
Мұрынмен тыныс алу. Ауызбен тыныс алудың айтарлықтай кемшіліктері бар, олай тыныс алсаңыз, ауыз қуысы құрғап, қызыл иектің қабынуы ықтимал. Жақында жүргізілген зерттеуде, миды сканерлеу кезінде мұрынмен тыныс алу ми жұмысын жақсартатынын көрсетті.
Ұйықтау. Дұрыс ұйықтау әдебін сақтамасаңыз, жұмыс істеу қиын: жиі шаршайсыз, тез аушаланасыз әрі үнемі тәтті тағам жегіңіз келеді. Ұйқысыз өткен бір түн денсаулыққа көп зияны тимесе де, бірте-бірте деменцияға ұшырау қауіпі жоғарылай түседі. Егер жеткілікті уақыт ұйықтамасаңыз, миға токсиндер жиналып, оны зақымдауы мүмкін. Себебі сіз терең ұйқыда жатқанда мидағы лимфа жүйесі деп аталатын каналдар желісі бір күнде жиналған улы қалдықтарды «тазартады».
Банан жеу. Банан қандағы қант мөлшерін реттеп қана қоймай, ішектегі пайдалы бактерияларды да қоректентіреді. Ол резистентті крахмалды майлы қышқылға айналдырады, ал бұл ішек жұмысын жақсартады. Сондай-ақ бұл тоқ ішек қатерлі ісігінің алдын алуға септігін тигізеді. Соңғы зерттеулер көрсеткендей, резистентті крахмалды көп қолдану тек ішекке емес, сонымен қатар бауырдың жұмысын жақсартып, онда бауырда майдың жиналуын азайтады.