Елімізде буын ауруына шалдыққан науқастарға ота жасауға робот көмектеседі. Жыл басынан бері дәрігерлер заманауи технология көмегімен 30-дан аса эндопротездеу операциясын сәтті орындаған. Тың әдіс буынды толық немесе жартылай алмастыруға мүмкіндік береді.
«Мако» деп аталатын бұл робот асқан дәлдікпен жұмыс істейді. Ол адам иығы, шынтағы, тізесі, жамбасы секілді дене бөліктеріне операция жасай алады. «Шынымды айтсам, осылай аяққа тұрып кете беремін деп ойлаған жоқпын. Бірден екі тізеге жасауға болатыны қуантады. Бұрын алдымен бірінші тізеге жасап, бір жыл оңалудан кейін ғана екіншісіне жасайтын. Шетел клиникаларына қарағанда бағасы 3 жарым есе арзан. Инновациялық технология арқылы жасалатын операция жеке хирургиялық жоспарлау арқылы жүзеге асырылады», дейді Орал қаласының тұрғыны Зәуреш Лекерова.