Бразилияда 50-ден астам адам су тасқынынан қайтыс болды

0 9

Бразилияда болған су тасқыны салдарынан 50-ден астам адам зардап шекті.

Бразилияның азаматтық қорғаныс қызметі елдің оңтүстігінде нөсер жаңбырдан туындаған қатты су тасқынынан зардап шеккендердің саны 56-ға жеткенін және тағы 67 адам хабар-ошарсыз кеткенін хабарлады.

Апаттың себебі – қатты жаңбыр салдарынан Рио-Гранде-ду-Сул штатындағы өзен деңгейінің күрт көтерілуі. Штат губернаторы Эдуард Лейте су тасқынын осы аймақтың тарихындағы «ең ауыр апат» деп атады.

Губернатордың айтуынша, су тасқыны елдің ең ірі қалаларының бірі – 1,5 миллион халқы бар Порту-Алегреге қауіп төндіріп тұр. Билік қаланың алғашқы кварталдарын эвакуациялауға бұйрық берді.

«Осы уақытқа дейін көрген барлық нәрсені ұмытыңыз, жағдай әлдеқайда нашар болады», деді Лейте.