Бірқатар өңірде көлік-логистикалық орталық ашуға қаржы табылмай жатыр

0 22

Бірқатар өңірде көлік-логистикалық орталық ашуға қаржы табылмай жатыр. Бұл туралы Көлік министрлігінен мәлім етті.

«Облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің деректері бойынша бүгінгі күні Қазақстан Республикасының аумағында 20-дан астам көлік-логистикалық орталық жұмыс (жұмыскерлер саны 50 адам) істейді.

Оның ішінде Астана қаласында – 4, Алматы қаласында – 1, Шымкент қаласында – 3 көлік-логистикалық орталығы бар. Сондай-ақ Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Түркістан, Абай және Жетісу облыстарында да мұндай орталықтар жұмыс істеп тұр. Мұнан бөлек, жоспарлау және іске асыру сатысында 30-дан астам көлік-логистикалық орталық бар. Олардың қатарында жобаны бастау және аяқтау үшін қаражат жоғы да кездеседі», – делінген министрліктің агенттік сауалына берген жауабында.

Сонымен қатар Көлік министрлігі көлік-логистикалық орталықтар қызметін реттемейтіндіктерін, бұл сала еркін бәсекелестік ортада екендігін атап өтеді.