Табиғи монополия субъектілернің инженерлік инфрақұрылымдары жаңғыртылып, жаңа тарифтер бекітілуде.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен «Жайықжылуқуат» АҚ және «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС үшін жаңа тарифтері бекітілді.
Бұл тарифтер, «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру аясында қабылданған. Тарифтік өзгерістердің басты мақсаты – өңірлік инфрақұрылымды жаңарту, жабдықтардың тозуын азайту және апаттық жағдайлардың алдын алу.
Атап айтқанда, табиғи монополия субъектілері «Жайықжылуқуат» АҚ-на және «Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС-не төмендегідей сомаларда бұрын бекітілген инвестициялық бағдарламаларына өзгерістер енгізіліп, толықтырылды:
«Жайықжылуқуат» АҚ бойынша:
– Круглоозерный ауылында ескі қазандықтың орнына жаңа блокты қазандықтың құрылысы – 112 278,51 мың теңге;
– Саншкол ескі қазандықтың орнына жаңа блокты қазандықтың құрылысы – 195 193,70 мың теңге.
«Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы» ЖШС бойынша:
– Орал қаласындағы 0,4 кВ кабель желісін қайта құру – 195 173,21 мың теңге;
– 35/10 кВ «Жанама» қосалқы станциясын қайта құру – 171 516,81 мың теңге;
– 35/10 кВ «Покатиловка» қосалқы станциясын қайта құру – 164 456,05 мың теңге көлеміндегі жұмыстар жоспарланған.
Аталған жобаларды, іске асыру табиғи монополия субъектілерінің негізгі қорларының тозуын төмендетуге және қызмет сапасын арттыруға оң ықпал етуі тиісті.