Бүгінде сыбайлас жемқорлық мәселесі бүкіл әлемнің басты проблемаларының бірі болып табылады. Біздің мемлекетіміз де бұл қоғам кеселімен жүйелі кұресіп келеді. Кезінде елімізде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» арнайы Заң қабылданып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі республикалық және облыстық қоғамдық кеңестер құрылды. Онда бірінші жылы 5 мыңнан астам азаматтың өтініштері қабылданды. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылған адамдарға мемлекеттік органдар мен ұйымдарда кез келген лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салынды.
Лауазымдағы адамдар мен оларға теңестірілгендер кез келген заңсыз әрекеттің жасалуы барлық артықшылықтардан толық айырылатынын білуі керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асырудың маңызды құралдарының бірі – Президент жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия. «Transparency International» жаһандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы коалициясы жариялаған Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі бойынша 2015 жылы Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте әлемде 123-ші орынға ие болды.
Қазақстан Республикасының алдындағы маңызды міндеттердің бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру. 2015 жылдың 20 мамырында Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамы қабылданған кезде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттарды жетілдіру бойынша заңнама бекітілді. 2022 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы бекітілді.
Бүгінгі күні «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының жаңа заңы бар, онда процессуалдық заңнамаға көптеген түзетулер енгізілген, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық үшін жауапкершілік қатайтылды, оған мүлікті тәркілеу, мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығын өмір бойына бас бостандығынан айыру және тағы басқа қылмыстық жауапкершіліктер жатады.