Ауадан отын жасайтын құрылғы

0 4

Кембридж университеті­нің ға­лымдары ауадағы көмір­қыш­қыл газын күн энер­гия­сы­ның кө­мегімен синте­ти­калық отынға айналдыратын құрылғы жасап шығарды.

Құрылғы түнде көмірқышқыл газын сіңіріп, күн шыққанда жұмысын бастайды. Су, күн сәулесі, арнайы катализатор арқылы таза отын мен химия өндірісіне қажетті шикізат өндіреді. Зерттеушілердің айтуынша, бұл технология қазба отынға тәуелділікті азайтып, зиянды газды пайдалы өнімге айналдыруға көмектеседі.