Әлемдегі ең құрғақ шөл – Атакама. Қанша жылдан кейін ерекше құбылыс орнап, биыл шөл дала гүлге оранды. Оның себебі – қыста тоқтаусыз жауған жаңбыр.
Ғалымдардың айтуынша, мұндай жағдай «Эль-Ниньо» деп аталатын табиғи жағдайдың әсерінен болады. Сирек кездесетін көрініске куә саяхатшылар жаппай Атакамаға ағыла бастады. Дегенмен Чилидің солтүстігінде орналасқан Атакама шөлінің гүлді кілемге орануы алғаш емес. 2015 жылы толассыз жаңбырдан кейін шөл далада дәл осылай гүлге оранған еді.