Қазақстандағы салық саясаты – ел экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз ететін, мемлекеттік кірістерді қалыптастыратын және бизнесті дамытуға ықпал ететін маңызды құралдардың бірі. Тиімді салық жүйесі инвестиция тартуға, кәсіпкерлікті ынталандыруға және әлеуметтік міндеттемелерді орындауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы Ерлан Нұрмаханбетовтың айтуынша, бүгінгі күні салық тәртібін нығайтуға және адал кәсіпкерлікті ынталандыруға бағытталған «Кәсіпкердің абыройы – адалдықта, тұтынушының сенімі – фискалдық чекте» серпінді жобасы іске асырылуда.
– Ашық экономикалық ортаны құру – өңірдің болашағына салынған инвестиция. Бұл жерде атап өтетін нәрсе, ел азаматтарының сауда саласындағы құқықтары қорғалуда, ал бизнес адал жұмыс істейді. Көлеңкелі экономика болса, бюджетке салық түсімдерін төмендету арқылы ел экономикасына теріс әсер етеді. Көлеңкелі экономиканың негізгі бағыттары: кәсіпкерлікті тіркеусіз қызметті жүргізу, нақты түсімдерді жасыру, жалдамалы жұмыскерлерді және жалақының толықтығын көрсетпеу, әлеуметтік төлемдерді төлемеу, БҚМ пайдаланудан жалтару болып табылады. Осыған орай, Жамбыл облысы бойынша МКД адал кәсіпкерлікті ынталандыру салық тәртіпті нығайту мақсатында «Кәсіпкердің абыройы – адалдықта, тұтынушының сенімі –фискалдық чекте»! серпінді жобаны іске асыруда. Жобаның негізгі мақсаттарына, ашық экономикалық орта құру үшін кәсіпкерлердің кірістерін ашық көрсету, көлеңкелі айналымнан шығару; Салықтық мәдениеттілігін арттыру, салық тәртіпті нығайту; Жалдамалы жұмысшыларды заңдастыру мен әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету; Акцизделетін тауарлардың заңсыз айналымына тосқауыл қою, бақылау және адал кәсіпкерлікті ынталандыру болып табылады. Жоба қоғамды, мемлекетті және кәсіпкерлерді біріктіреді, – дейді Ерлан Нұрмаханбетов.
Қазіргі таңда Қазақстанда салық саясаты кезең-кезеңімен жаңғыртылып, халықаралық стандарттарға сәйкестендіріліп келеді. Салық жүйесі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік кірістер комитеті арқылы жүзеге асырылады. Соңғы жылдары цифрландыру үдерісі жеделдеп, электронды декларациялау, онлайн бақылау-касса машиналары және салық төлеушілерге арналған мобильді қосымшалар енгізілді. Бұл өз кезегінде көлеңкелі экономиканы азайтуға және салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыруға ықпал етті.
Атап айтсақ, департамент тарапынан атқарылған жұмыс облыста өз нәтижесін беруде. Мәселен, 01.05.2026 жылғы жағдай бойынша облысымызда дара кәсіпкер ретінде 95884 жеке кәсіпкер тіркелген. Оның ішінде жылдың басынан бері жаңадан тіркелген жеке кәсіпкерлер саны – 7148-ді құраған. Сондай-ақ осы кезеңде бақылау касса машина (БКМ) – БКМ тіркеу есебіне қою бөлігінде облыс бойынша барлығы – 59889 бақылау касса машинасы тіркелген. Оның ішінде жыл басынан бері жаңадан тіркелген БКМ – 7111.
– Бюджеттің түсімдердің орындалуы және өсу қарқынына тоқталсам. Жеке кәсіпкерлер табыстарынан төлейтін жеке табыс салығынан ағымдағы жылдың 4 айдың жоспары 6,2 миллиард теңге болса, нақты түсім 8,1 миллиард теңгені құрады. Жоспардың орындалуы 132 пайызды құрады. Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда түсімдердің өсу қарқыны 119,1 пайызды құрап түсімдер 1,3 миллиард теңгеге артқан. Ал бюджетке қосымша резервтердің түсуін қамтамасыз ету мақсатында шағын және микро кәсіпкерлік бизнес субъектілері бойынша жалдамалы жұмыскерлердің табысы мен санын ұлғайту бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізілуде. Жоба шеңберінде жыл басынан 55 салық төлеуші бойынша кірістердің жалпы сомасы 12,8 миллиард теңгеге ұлғаюы қамтамасыз етіліп, бюджетке қосымша түсімдердің сомасы 384,5 миллион теңгені құрады. Жалдамалы жұмысшылар саны 30 адамға көбейді. БКМ чектері бойынша «Микро және шағын бизнестің Z–есептері бойынша чектер сомасы мен санының өсу қарқыны бойынша көрсеткіштің орындалуы 141,6 пайызды құрады. Атап айтқанда, егер 2025 жылы жалпы сомасы 76539,9 миллион теңгеге 12,6 миллион чек берілген болса, 2026 жылы 100652,8 миллион теңге сомасына 19,1 миллион чек берілген. Берілген чектердің саны бойынша өсу қарқыны 122,7 пайыз, ал чектердің сомалары бойынша өсу қарқыны 151,7 пайызды құрады, – дейді ол.
Бұдан бөлек, аймақта Салық тәртібін арттыру мақсатында, барлық бағыттарда бақылау іс-шаралар жалғасуда. Жыл басынан бақылау іс-шаралар барысында барлығы 65 заң бұзушылықтар анықталған. Оның ішінде бақылау касса машиналарды (БКМ) қолданбау бұзушылықтар саны 29, кәсіпкерлік қызметті тіркеусіз жүзеге асыру бойынша – 36 бұзушылық анықталған. Бақылау іс-шаралар нәтижесімен, әкімшілік жауапкершілікке 65 тұлға тартылып, олар бойынша 29 «ескерту» және 36 тұлғаға 1,9 миллион теңгеге әкімшілік айыппұл салынған.
Сондай-ақ темекі өнімдері нарығын заңдастыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Облысқа келіп түскен және бөлшек саудада өткізу кезінде айналымнан шығарылған темекі көлемінің үлесі 75,3 пайызды құрады. Жоба басталғанға дейін үлес 30 пайыздан төмен болған. Сонымен қатар жыл басынан Жамбыл облысының мемлекеттік кірістер органдары заңсыз акцизделетін өнім айналымына тосқауыл қою мақсатында 172 тақырыптық тексерулер жүргізіп, олардың нәтижесінде келесі заң бұзушылықтар анықталған. Атап айтсақ:
– Алкоголь өнімдерінің лицензиясыз айналымы 39 факті, ілеспе жүк құжаттарынсыз айналымы 19 факті, алкоголь өнімдернің таңбаланбауы 2 факті тіркелген. Заңсыз айналымнан 7,6 мың литр алкоголь өнімі тәркіленді. Заңсыз акцизделетін тауарлардың айналымы үшін Сот шешімдерімен ҚР ӘҚБтК-нің 283, 463-баптарына сәйкес 15,6 миллион теңге айыппұл салынды және өндірілді.
– Темекі өнімдеріне қатысты Қазақстан Республикасының акциздік таңбалары жоқ 37 факті бойынша сатылған 163,5 мың қорап темекі өнімдері анықталған. Оның ішінде Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне заңсыз тасымал мен айналымнан бюджетке келтірген 48,4 миллион теңге залал сомасы бойынша 1 қорытынды жолданды. Сот шешімдерімен ҚР ӘҚБтК 283-бабының 2-бөлігіне сәйкес 6,9 миллион теңге айыппұл салынды және өндірілді.
– Ілеспе жүкқұжаттарсыз 76 фактісі бойынша 6,5 тонна мұнай өнімдерін анықталған. Барлық 76 факті Қырғыз Республикасына жеңіл көліктермен шығару кезінде анықталып 6,5 тонна мұнай өнімдері тәркіленді. Сот шешімдерімен ҚР ӘҚБтК-нің 283-1-бабына сәйкес мұнай өнімдері тәркіленіп, 5,4 миллион теңге айыппұл салынды және өндірілді;
Сондай-ақ, мұнай өнімдерінің айналымы саласында камералдық бақылау нәтижесінде, бензин мен дизель отынының өткізу көлемін төмендету фактілері анықталып, жергілікті бюджетке 204 миллион теңге көлемінде акциз сомалары қосымша есептеліп, толық өндірілген.
Тағы бір назар аударылған бағыт жалдамалы жұмысшыларға байланысты. Шағын бизнес субъектілерінің жалдамалы қызметкерлерінің жалақысын субсидиялау сұрақтары бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен тиісті жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күнге, 6780 жалдамалы жұмыскер бойынша 799,8 миллион теңге сомасына 2260 жеке кәсіпкердің жалақысы субсидияланды.
Ал POS-терминалдарды орнатуға келсек, «Қазақстан Халық банкі» АҚ, «Каспи Банк» және «Алатау сити» АҚ филиалдарының басшылығының келісімі мен қолдауы бойынша ағымдағы жылдың басынан бастап қазіргі уақытқа дейін біздің өңірде 342 РОЅ-терминал («Қазақстан Халық банкі» АҚ – 188, «Каспи Банк» АҚ – 120, «Алатау Сити банк» АҚ – 34) орнатылған, оның ішінде Тараз қаласының облыс орталығында – 257 ЖК, басқа 10 ауданда – 85. Екінші деңгейдегі басқа банктермен осындай бірлескен жұмыс жалғасуда. Жобаны БАҚ-да, интернет–ресурстарда, LED-экрандарда, салық төлеушілермен кездесулер мен семинарлар өткізу арқылы жариялау бойынша түсіндіру жұмыстары жаппай жүргізілуде.
– Бірлескен түсіндірме іс-шараларының «Жол картасы» шеңберінде жергілікті атқарушы органдармен, Атамекен ҰКП-мен, құқық қорғау органдарымен бірлесіп базарлардың, сауда орталықтарының Әкімшілігімен олардың аумағында кәсіпкерлік қызметпен айналысатын адамдарды, сондай-ақ тұрғын пәтерлерді жалға беретін адамдарды дара кәсіпкерлер ретінде міндетті тіркеу бөлігінде пысықталуда, бұл жұмыстар жергілікті бюджетке қосымша түсімдерді қамтамасыз етеді. Оның ішінде, «Ауыл Береке» және «Қайқармет» базарларының аумағында Департамент тарапынан 2026 жылғы 18 және 28 сәуірінде Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік басқармасымен бірлесіп БАҚ-ын тарта отырып, бақылау кассалық машиналарды тіркеу және қолдану қажеттілігі туралы жаппай-түсіндіру жұмыстарын жүргізілді. Сондай-ақ, ірі сауда қызметін жүзеге асыратын микро және шағын бизнес субъектілерімен түсіндіру жұмыстары атқарылуда.
Апта сайын көшпелі консультациялар өткізіледі, олардың барысында салық заңнамасының талаптары, оның ішінде бақылау-кассалық машиналарды міндетті қолдану, фискалдық чектер беру және кірістерді көрсетудің толықтығы бөлігінде түсіндіріледі. Бұзушылықтардың алдын алуға және салық міндеттемелерін сақтау деңгейін арттыруға бағытталған салық төлеушілерді әдіснамалық сүйемелдеу қамтамасыз етілді. Жыл басынан бері «Наурыз» СОО, «Арбат» СҮ, «Доснар» СҮ, «Гранд Молл» СҮ және басқа да сауда үйлерінде, «Атамекен» ҰКП алаңында, Тараз қаласының базарларында, фитнес-орталықтарда, сондай-ақ қоғамдық тамақтану субъектілері арасында көшпелі түсіндіру іс-шаралары мен атаулы консультациялар өткізілді, – дейді Ерлан Нұрмаханбетов.
Бизнесті көленкеден шығару бойынша сауда орындандың талдау нәтижелеріне қарайтын болсақ, облыстың 31 базарлар мен сауда орындар аумағында – 6197 сауда орны бойынша 4371 жалға алушы анықталған. Әрі қарай, базарлар мен сауда орындарында жалға алушыларды талдау қорытындысы бойынша ЖК ретінде тіркелмеген, БКМ жоқ және БКМ қолданбаған тұлғалар бар екені белгілі болды. Оның ішінде ЖК ретінде тіркелмеген 1152 адам анықталды, жалға алушыларда БКМ болмауы – 1918, жалға алушылар БКМ қолданбайтын – 2978 тұлға анықталды. Барлық анықталған фактілер бойынша жұмыс жүргізілуде.
– Жобаны іске асыру үшін әзірленген мобильды қосымша арқылы сауда орындарда орналасқан QR кодын қолдана отырып, аталған жобаға ат салысуға болады. Ол үшін тұтынушы департаментке сауда нүктелерінде бақылау-касса аппаратының болмауы, чектердің берілмеуі, банк картасымен төлем қабылдаудан бас тарту, алкоголь және темекі өнімдерін акциздік маркасыз сату және басқа да фактілер бойынша хабарласа алады. Әрбір хабарлама бойынша департаментпен тиісті шаралар қолданады. Азаматтық ұстанымдарыңызды көрсету арқылы, аталған жобаға ат салысуға шақырамыз! Жалпы QR коды арқылы түскен хабарламалардың саны 39, олардың 35 бойынша шаралар қабылданған, – дейді Мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы Ерлан Нұрмаханбетов.