1950-жылдары қаланың у-шуынан жалығып, жырақта демалуды қалаған Сайзеланд әулеті кіп-кішкентай «Just Room Enogh Island» аралын сатып алған. Қазақшаласақ, «Бір бөлмеге ғана жетеді».
Күйбең тіршіліктен қашып келген әулет аталған аралға қоныс аударғаннан кейін тіптен жұрттың назарына ілікті. АҚШ-тың «The Washington Post» басылымы: «Бір қате қадам жасасаңыз, жүзіп кетесіз» деген мақала да жариялады. Содан соң туристердің осы бір мекенге ерекше ынтызары ауды. Осылайша, «аралда алаңсыз жатып, тыныштықты тыңдаймыз», деген Сайзеландтер әулетінің үміті ақталмады…