Ақмолада Наурыздар қатары көбейіп келеді

0 6

Ақмола облысында 17 Наурыз көшесі бар. Сонымен қатар, Көкшетау қаласының орталығында «Наурыз» сауда кешені жұмыс істеп тұр. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2021 жылдан бастап күні бүгінге дейін 12 ақмолалық сәбиге «Наурыз» есімі қойылыпты.

Наурыз – көктемгі күн мен түннің теңелетін күні. Бұл күні тұтас жер бетінде күн мен түн теңеседі. XI ғасырдың өзінде ұлы ғалым әрі ақын Омар Хайям жұлдыздар мен шоқжұлдыздардың толық циклы аяқтағаннан кейін, олар өзінің бастапқы жүру нүктесіне келіп, жаңа жолдың  шеңберді қайта бастайтынын байқайды. Міне, біз осы үшін де Омар Хаямды шығыстың жеті жұлдызының бірі ретінде, әрі Наурыздың жаңа мерзімінің басталуын дәлелдеген ғалым ретінде танимыз.

Біз өз кезегімізде осынау тарихи мәнге ие болған Наурыз атауының өңірде қолданылуы туралы аз-кем мәліметтер жинастырып көрдік. Өкінішке қарай, көп мәліметке қол жеткізе алмадық. Ақмола облыстық ономастикалық комиссиясының мәліметінше, облыс аумағында бүгінде 17 көше – Наурыз аталған. Ал, облыс орталығы Көкшетау қаласының өзінде Наурыз көшесі жоқ. Наурыз атауы қала іргесіндегі оның құрамына кіретін Краснояр ауылының орталық көшелерінің біріне беріліпті. Осы олқылықты ескеріп, облыс орталығының бір көшесіне Наурыз атауы берілсе, нұр үстіне нұр болар еді деп ойлаймыз. Тіпті, күннен-күнге жанданып, уақыт өте түрленіп, жаңарып жатқан көрікті Көкшенің жаңа бір ауданын Наурыз атасақ, қандай жақсы?! Халқымыздың төл мерекесін лайықты тойлауға мұның да өз ықпалы болар еді деп ойлаймыз.

Сондай-ақ елімізде мерекеге байланысты ат қою дәстүр үрдісі атадан балаға жалғасып келеді. Осындай ұқсас атпен аталған көптеген батырларымыз бар екені белгілі. Солардың бірі Наурызбай Құтпанбайұлы, Наурызбай Қасымұлы есімді ел қорғаған тарихи тұлғамыз да бар. Алтын Орданы да Наурыз хан билеген. Сондай-ақ ел арасында Наурызгүл, Наурызбек, Наурызәлі және басқа да есімдер көп таралған. Ақмола өңірінде де Наурыз есімі берілген адамдардың қатары жоқ емес, бар. Солардың бірі Бурабай аудандық ішкі істер бөлімінде өз қызметін абыройлы атқарып жүрген Наурызбай Ермұханбетов есімді азамат. Ол өз есімінің ежелгі Наурыз мейрамына орай қойылғанына сенімді.

– Менің есімімнің Наурыз деп қойылуына Кенесары ханның бауыры Наурызбай батырға деген халық құрметінің де қатысы болса керек. Есімімнің осылай аталғанына өз басым ризамын. Біз үшін бұл мереке ерекше, оған жыл сайын зор көңіл бөліп, отбасы, ағайын-туыс болып лайықты атап өтеміз, – дейді Наурызбай.

Осындай тарихы зор мәнге ие Наурыз мейрамына орай, тіпті, көше былай тұрсын, өңірдегі бірер ауыл мен ауданды Наурыз атымен атасақ, артық болмас еді деген ой келеді…