Ақбайдың бренд қауыны

0 6

Арал ауданында мал шаруашылығымен қатар егін шаруашылығы да айтарлықтай деңгейде дамып келеді. Күн өткен сайын егіс көлемі артып, тұрғындар мен жеке кәсіпкерлер азық-түлік, оның ішінде бау-бақша, көкөніс өнімдерін сырттан тасымалдауды азайту мақсатында жемісті жұмыстар атқаруда.

Бүгінгі күні көктемгі дала жұмыстарын уақытылы бастап, сапалы жүргізген Ақирек ауылдық округіне қарасты «Шеру» шаруа қожалығының алғашқы қауындары пісіп, өнімдерін алуда. Ерте көктемде 5 гектар аумаққа «подпленка» әдісімен егіс орналастырған шаруаның көңілі жай. Ендігі кезекте өнімдерін дүкен сөрелеріне сатылымға шығармақ.

Өңірімізбен қатар көршілес облыс тұрғындары да «Ақбайдың» бренді саналатын қауынға әрдайым қызығушылық танытады. Алдағы уақытта тұрғындарды бақша өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында аудан орталығы мен өзге де аймақтарға жөнелтілу жоспарлануда.