Президент Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақовты қабылдады

0 12

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақовты қабылдады.

Кездесу барысында облыс әкімі Президентке аймақтағы әлеуметтік-экономикалық ахуал туралы баяндап, ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы, мұнай-газ химиясы саласының дамуы, сондай-ақ әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарының құрылысы жөнінде есеп берді.

Сонымен қатар кездесуде экономиканы әртараптандыру, инженерлік желілерді жаңғырту, көлік инфрақұрылымын жетілдіру, экологиялық ахуалды жақсарту және республикалық деңгейде қолдауды қажет ететін жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Атырау облысының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.