Өңдеу өнеркәсібі 6,3 пайызға өсті

0 4

Қарағанды облысында өнеркәсіп өндірісінде оң динамика қалыптасып отыр. Үкімет отырысында Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев баяндағандай жыл басынан бері Қарағанды облысында өңдеуші сектордың өсуі 6,3 пайызды құраса, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 433 миллиард теңгеге жеткен.  

Аймақ басшысының айтуынша инвестицияның 30 пайыздан астамы өндірісті техникалық қайта жабдықтау мен автоматтандыруға бағытталған. Жыл соңына дейін облыста 2,8 мыңнан астам жұмыс орнын ашумен, жалпы құны 322,8 миллиард теңгені құрайтын 44 инвестициялық жоба іске қосылады. Ауылшаруашылығында жалпы өнім көлемі 118,4 миллиард теңгені құрады, жыл соңына дейін АӨК саласында 65,4 миллиард теңгенің 32 инвестициялық жобасы жүзеге асырылады.

– Жартыжылдық қорытындысы бойынша облыс өнеркәсібінің нақты көлем индексі 105,2 пайызды құрап, маусым айы бойынша көрсеткіш 0,2 пайызға өскені байқалды. Өңдеу секторының жартыжылдықтағы өсімі 6,3 пайызды, шойын мен болат өндірісі көлемінің өсуі тиісінше 4,6 пайызды және 0,7 пайызды құрады, – деді облыс әкімі.