Мемлекетіміздің ең пәрменді әлеуметтік саясаты өнімді еңбекке ынталандыру және жаңа жұмыс орындарын жасақтау болып табылатындықтан, Президенттің Жолдауларында халықты тұрлаулы жұмыспен қамту мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп келеді. Жолдауға сәйкес халықты жұмыспен қамту бағытындағы жаңа саясат тетіктері белгіленіп, оны жүзеге асыруда Алматы облысында бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Атап айтсақ, 2026 жылғы I тоқсанның қорытындысы бойынша Қазақстанда экономиканың бірқатар негізгі салаларында жұмыспен қамтылғандар саны артты. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіпте, құрылыста, білім беру саласында, сондай-ақ денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында өсім байқалды.
Жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі бұрынғысынша көтерме және бөлшек сауда, сондай-ақ автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу саласына тиесілі. Бұл салада 1 571,4 мың адам жұмыс істейді, бұл жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 16,7 пайызын құрайды.
Білім беру саласында 1 251 мың адам жұмыспен қамтылған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,5 пайызға артық.
Өнеркәсіп саласында жұмыскерлер саны 1 185,7 мың адамға жетіп, 2 пайызға артты. Оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында 298,3 мың адам жұмыспен қамтылған, бұл 2025 жылғы I тоқсанмен салыстырғанда 3,4 пайыз көп.
Жұмыспен қамтылғандар саны құрылыс саласында да өсіп, 643,8 мың адамды құрады. Өңдеу өнеркәсібінде 624,8 мың адам, ал денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында 616,7 мың адам жұмыс істейді. Көлік және қоймалау саласында 663,2 мың адам жұмыспен қамтылған.
Жалпы, 2026 жылғы I тоқсанның қорытындысы бойынша халықты жұмыспен қамту құрылымы тұрақты сақталып, экономиканың негізгі салаларының басым бөлігінде жұмыспен қамтылғандар санының оң динамикасы жалғасуда.