Қазіргі білім беру жүйесінің басты мақсаты – оқушылардың алған білімін өмірлік жағдаяттарда қолдана алуына жағдай жасау. Осыған байланысты функционалдық сауаттылықты дамыту білім саласындағы маңызды бағыттардың біріне айналды. Әсіресе биология пәні оқушылардың табиғатты ғылыми тұрғыдан тануына, экологиялық мәдениетінің қалыптасуына және күнделікті өмірмен байланыстыра ойлауына мүмкіндік береді.
Бүгінде білім беру үдерісіне жасанды интеллект құралдарының енуі мұғалім жұмысына жаңа мүмкіндіктер ұсынып отыр. Жасанды интеллект оқушылардың қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың ақпаратты талдау, салыстыру, қорытынды жасау дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Мәселен, функционалдық сауаттылық – адамның алған білімін өмірде тиімді қолдана білу қабілеті. Биология пәнінде бұл – ғылыми ақпаратты түсіну, табиғи құбылыстарды түсіндіру, денсаулыққа қатысты дұрыс шешім қабылдау, экологиялық мәселелерді бағалау және тәжірибе нәтижесін талдау арқылы көрінеді. Сондықтан сабақ барысында оқушы тек теорияны меңгеріп қана қоймай, білімін практикамен ұштастыруы қажет.
Мұғалімдер түрлі жасанды интеллект платформаларын пайдалану арқылы бүгінгі күні сабағын қызықты етіп ұйымдастыра алады. Мысалы, мәтін құрастыру; тест тапсырмаларын дайындау; сурет пен сызба жасау; виртуалды зертханалық жұмыстар ұйымдастыру; деңгейлік тапсырмалар әзірлеу; оқу материалдарын саралау. Жасанды интеллект құралдары оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес тапсырмалар ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл саралап оқыту үдерісін жеңілдетеді.
Ал сабақта қолданудың тиімді тәсілдерінің қатарына зерттеу тапсырмаларын ұйымдастыру және визуалды материалдар қолдану арқылы оқушы ізденісін арттыруға болады. Мәселен, оқушылар жасанды интеллект көмегімен белгілі бір биологиялық мәселе бойынша ақпарат жинайды, деректерді салыстырады және қорытынды жасайды. Яғни, мысал ретінде «Экологиялық факторлардың адам денсаулығына әсері» тақырыбында оқушылар зерттеу жүргізіп, өз ұсыныстарын ұсына алады. Келесі визуалды материалдар қолдануда жасанды интеллектті пайдалана отырып жасуша құрылысы; адам ағзалары; генетикалық үдерістер; экожүйелердің моделдері сияқты күрделі тақырыптарды көрнекі түрде түсіндіруге болады. Бұл оқушылардың есте сақтау қабілетін арттырады. Ал сыни ойлау дағдыларын дамытуда оқушыларға дайын ақпаратты беруден гөрі салыстыру; дәлелдеу; талдау; проблеманы шешу тапсырмаларын ұсыну маңызды. Мысалы, «Жасанды интеллект медицина саласында адам өмірін толық алмастыра ала ма?» деген сұрақ төңірегінде пікірталас ұйымдастыру оқушылардың ойлау қабілетін дамытады.
Жалпы жасанды интеллект қолданудың артықшылықтары оқушы қызығушылығын арттырады; уақытты үнемдейді; оқу материалын визуалдайды; жеке оқытуға мүмкіндік береді; цифрлық сауаттылықты қалыптастырады; зерттеушілік қабілетті дамытады. Сонымен қатар, мұғалімнің шығармашылық ізденісіне де оң әсер етеді.
Қорыта айтқанда, жасанды интеллект құралдарын биология сабағында тиімді қолдану – білім сапасын арттырудың маңызды тетіктерінің бірі. Ол оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырып, зерттеушілік, шығармашылық және сыни ойлау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Заманауи мұғалім цифрлық технологияларды меңгере отырып, оқушыларды өмірлік жағдаяттарға бейімделген, бәсекеге қабілетті тұлға ретінде тәрбиелей алады.