Әулиекөл ауданындағы бұл жоба теміржол саласын жаңғырту стратегиясы аясында жүзеге асырылып, аймақтың өндірістік әлеуетін дамытуға серпін береді. Еңбек өнімділігін арттырып, жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған.
Шеберхананың ашылуы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арналған Жолдауларында белгіленген міндеттерге сай жүргізілуде. Президент өз Жолдауларында инженерлік-техникалық кадрларды қолдаудың, өндірістік мамандықтарды дамытудың және жаңа жұмыс орындарын құрудың маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. «Жұмысшы мамандықтарының жылы» осындай жобалар мемлекет пен бизнестің бірлескен күш-жігерімен еңбек династияларын дамытып, біліктілікті арттыру мен халықты жұмыспен қамтуға жол ашары сөзсіз.
Жаңа шеберхана «Astana Railway Services» ЖШС қарасты жергілікті вагон жөндеу депосының негізгі нысаны саналады. Серіктестің жалпы директоры Аманбай Айтжанов нысанның ашылуына арнайы келген болатын.
«Вагон-дөңгелек шеберханасын ашу – үлкен бірлескен жұмыстың нәтижесі және тиімді серіктестіктің үлгісі. Мұнда қызметкерлеріміз үшін тұрақты жұмыс, оқыту және кәсіби өсуге барлық жағдай жасалған. Біз Қазақстан теміржол саласының дамуына қосқан үлесімізбен мақтанамыз», – деп атап өтті Аманбай Айтжанов.
Әулиекөл ауданының әкімі Жансұлтан Таукенов жобаның ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңыздылығына ерекше тоқталды.
«Мұндай өндірістік бастамаларды іске асыру өнеркәсіптің дамуына, жұмыспен қамтуды арттыруға және тұрғындардың әл-ауқатына септігін тигізеді. Жаңа жұмыс орындары, тұрақты табыс және инфрақұрылымға салынған инвестициялар тікелей халық өмірінің сапасына әсер етеді. Айтулы бастама — Президенттің өңірлерді дамыту бағытын қолдаудың айқын көрінісі», – деді әкім.
Шеберхана дөңгелектерді күрделі жөндеуге арналған жоғары технологиямен қамтамасыз етілген. Ондағы жабдықтар жоспарлы жұмысты халықаралық стандарттарға сәйкес орындауға алып келеді. Өндірістік қуаты жылына 4380 дөңгелек жұпқа дейін жетіп жығылуы ықтимал. Бұл көрсеткіш Қазақстандағы теміржол тасымалының тиімділігін арттыра түседі.
Жаңа нысан аймақтың өндірістік базасын нығайтып қана қоймай, Президенттің жұмысшы мамандықтарды қолдау бағытын ілгерілетіп, Әулиекөл ауданының экономикасын дамытуға ықпал етеді.