Тиісті бұйрық осы айдың 8-і, яғни күні кеше ғана күшіне енді.
Егін жинау маусымында алма шетелден әкелініп, отандық бағбандар өнімдерін өткізе алмай қиналған еді. Енді жиналған өнімді сақтауға және оны қолайлы бағамен сатуға мүмкіндік беріліп отыр. Ал маусымаралық кезеңде алма импорты шектелмейді.
«Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін автомобиль көлігімен үшінші елдерден алма әкелуге тыйым салуды енгізуді мақұлдады», делінген Ауылшаруашылығы министрлігінің хабарламасында.
Шектеу ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден алма әкелуге және Қазақстан аумағы арқылы халықаралық алма транзитіне әсер етпейді.