Жылу беру маусымын қалыпты деңгейде өткізу қажет

0 4

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жылу беру маусымының басталуына байланысты мәселелер қаралды. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, Өнеркәсіп және құрылыс министрі – Қанат Шарлапаев, сондай-ақ бірқатар облыс әкімдері елдің жылу және энергия жүйелерінің қысқы кезеңге дайындығы туралы баяндады.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, Қазақстан өңірлерінде жылу беру маусымы уақтылы басталды – оңтүстік облыстарда жақын күндері жылу беріледі. Бүгінгі таңда автономды қазандықтардың дайындығы 100% қамтамасыз етіліп, 19,9 мың шақырым электр желісінде, 376 қосалқы стансада, 4046 тарату бекетінде және трансформаторларды жөндеу жұмыстары аяқталды. 535 шақырым жылу желілері жаңғыртылды, бұл жоспардың 98,5 пайызы, 1133 шақырым сумен жабдықтау және су бұру желілерін құрайды. Премьер-Министрге қыс қарсаңындағы жоспарланған барлық іс-шаралар кестеге сәйкес қатаң түрде жүргізіліп жатқаны баяндалды. Қазіргі уақытта білім беру және медициналық мекемелер, сондай-ақ еліміздегі тұрғын үй қорының 99 пайыздан астамы жылу беру маусымына толық дайын.

Олжас Бектенов барлық жөндеу жұмыстарының мерзімі мен нормаларын қатаң сақтаудың маңыздылығына тоқталды. Бүгінгі таңда жылу көздерінің резервтік жабдықтарын жаңғырту жалғасуда, жоспарлы жобалар іске асырылып жатыр.

«Үлкен жұмыстар атқарылды. Оны бөлінген қаржы көлемінен де, жүргізілген жұмыс ауқымынан да байқауға болады. Енді ең бастысы – жылу беру маусымын қалыпты деңгейде өткізіп, жоспарланған барлық параметрлерді сақтай білу. Коммуналдық кәсіпорындардың жөндеу бөлімшелерін қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету керек. Олар кез келген жағдайға шұғыл әрекет ету үшін дайын болуға тиіс. Әкімдерге жылу беру маусымының барысын жеке бақылауда ұстауды тапсырамын», деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-Министр халықты қолжетімді көмірмен қамтамасыз ету қажеттігін де атап өтті. Өңір әкімдіктері Өнеркәсіп және құрылыс, Көлік министрліктерімен бірлесіп, коммуналдық және тұрмыстық көмірді жеткізу бойынша барлық мәселелерді шешу тапсырылды. Көмірді вагондармен тасымалдауға басымдық беру қажет. Олжас Бектенов тұрғындар көмірді тұрақты бағамен сатып алуы үшін ешқандай қиындықтар болмауы керек екенін атап өтті.

Сондай-ақ Олжас Бектенов Энергетика, Ұлттық экономика министрліктері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жылу және электр энергетикасы бойынша «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы шеңберінде табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық міндеттемелерін орындауына бақылау жасау шараларын өзектендіруді және мониторинг жүргізуді тапсырды.