Жалғыз ұшатын балалар үшін жаңа ереже енгізді

0 3

«Air Astana» әуе компаниясы ұшақта ересектердің қарауынсыз ұшатын балалар үшін ата-аналары арнайы алым төлейтінін айтты.

Енді  ел азаматтары 6 жастан 15 жасқа дейінгі балаларды ұшақпен ұшыратын болса  9750 теңге қосымша ақы төлеуге тура келеді.  Әуе компаниясының айтуынша,  ақысы төленген жағдайда борт қызметкерлері  баланы әуежайға тіркелген сәттен бастап, баратын жердегі жауапты тұлғаның қолына тапсырғанға дейін қызмет атқарады.

Балалар сапардың басынан аяғына дейін  экипаждың бақылауында болады.