Адамға еліктеп, белгілі бір сөздерді қайталайтын піл Қарағанды қаласында өмір сүрген деседі.
Қарағанды хайуанаттар бағында 1973-1993 жылдар аралығында сөйлейтін «Батыр» атты піл болыпты. Ол өзінің атын және «су», «беріңіз», «жақсы», «жаман» сияқты кейбір сөздерді дыбыстай алған. Әлем халқы таңданған.
Одан кейін тек 1990 жылы ғана Оңтүстік Кореяда «Костик» есімді екінші сөйлейтін піл дүниеге келді. Ол «сәлем», «жарайды», «отыру», «жату» сияқты корей сөздерін меңгерген.