Алты мыңдай жаңа жұмыс орыны ашылды

0 10

Елордада екі арнайы экономикалық аймақ – «Астана – жаңа қала» және «Астана – Технополис» жұмыс істейді. Олар инвестициялар тарту және басым салаларда бәсекеге қабілетті өндірістер құру арқылы қаланың экономикалық дамуын ынталандыру мақсатында құрылған. 

АЭА резиденттерге бизнесті жүргізу және перспективалы жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, бірегей жеңілдіктер мен преференциялар береді.

– Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру үшін инвесторға қойылатын негізгі талаптардың бірі заңды тұлғаны Қазақстан Республикасында тіркеу және қызметтің басым түрлерінің бірін жүзеге асыру болып саналады. Қазіргі уақытта «Астана Технополис» және «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймақтарының қатысушылары 346 компания болып саналады, олардың 110-ы №1 Индустриялық паркте орналасқан. Экспорт көлемі олардың қызметі басталғаннан бері 140 млрд теңгені, салық аударымдарының көлемі – 341 млрд теңгені құрады, – дейді «Astana Invest» ЖШС инвестициялық жобалар департаменті директорының орынбасары Руслан Чилиманов.

Бұл бағдарламалар кәсіпкерлерге табысқа жету жолында кездесетін қаржылық және ұйымдастырушылық кедергілерді жеңуге көмектесетін негізгі құралдар болып саналады.

– Біз – «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының қатысушыларымыз. Наурыз айында газдалған бетон блоктарын шығаратын зауытты іске қостық. Қазір 90 пайыз қуатқа шықты, маусым айында 100 пайыз қуатқа шығуды жоспарлап отырмыз. Зауыт 95 пайыз автоматтандырылған. Бұл бізге барлық техникалық шарттарға сәйкес келетін сапалы өнім шығаруға мүмкіндік береді. Біздің болашақ жоспарымыз – қаланы тұтынылатын өніммен қамтамасыз ету және басқа елдерге экспортқа шығу, – дейді «DAT KZ» ЖШС өндіріс бастығы Юрий Великанов.

Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында елорданың арнайы экономикалық аймақтарының қатысушылары тұрғындар үшін 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашты.