Қыркүйектен бастап шәкіртақы көбейеді

0 7

Премьер-министр Олжас Бектенов 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап колледждер мен жоғары оқу орындары студенттеріне арналған стипендияларды арттыруды көздейтін Үкімет қаулысына қол қойды.

Колледж студенттері үшін шәкірт­ақы 50%-ға артып, жұ­мыс­шы мамандықтары бо­йын­ша 43 574 теңгені, орта буын мамандары үшін 41 896 теңгені құрайтын болады. Бакалавриат студенттерінің сти­пендиясы 20%-ға артып, 47 135 теңгеге дейін, ал педагогика және медицина бағыттарындағы білім алушылардың стипендиясы 75 600 теңгеге дейін ұлғаяды. Интернатурада оқитындар­ға стипендия 85 376 теңге, ал резидентурада – 123 122 теңге көлемінде төленетін болады. Магистранттар мен докто­рант­­тарға стипендия 15%-ға ұлғай­тыла­ды, оның мөлшері тиісінше 107 061 теңгені және 240 000 теңгені құрайды.

Сондай-ақ 2025 жылғы 1 қыр­күйекте шәкіртақы бакалав­риат студенттеріне 20%-ға, магистранттар мен докторанттарға 15%-ға көбейетін болады.

Жалпы, Мемлекет басшы­сының тапсырмасы бойынша 2020 жылдан бастап стипендияны көбейту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінде, 2025 жылға қарай ЖОО мен колледж студенттерінің стипендиясы екі есеге, магистранттар мен докторанттар үшін 1,75 есеге өседі.