Өткен түні Лос-Анджелесте 96-рет «Оскар» премиясының иегерлері анықталды. Кино әлеміндегі теңдессіз жүлденің басым көпшілігін Кристофер Нолан түсірген «Оппенгеймер» фильмі еншіледі. «Оскардың» жетеуі «Оппенгеймер» фильміне бұйырды.
Одан кейін 4 бірдей номинацияны «Бедные-несчастные» фильмі иеленіп, үздіктер тізімін жалғады.
«Оскар» премиясының негізгі номинациясында үздік шыққандар:
Үздік фильм – «Оппенгеймер»;
«Үздік актриса» – Эмма Стоун; (Бедные-несчастные). Эмма Стоун осы аталымда екінші рет «Оскар» алды.
«Үздік актер» – Киллиан Мерфи («Оппенгеймер»);
«Үздік ән» – What Was I Made For? («Барби»);
«Үздік саундтрек» – «Оппенгеймер»;
«Екінші пландағы үздік ер адам рөлі» – Роберт Дауни («Оппенгеймер»);
«Екінші пландағы үздік әйел рөлі» – Давайн Джой Рэндольф («The Leftovers»);
«Үздік шетелдік фильм» – «Зона интересов» (The Zone of Interest);
«Үздік бейімделген сценарий» – «Америкалық фантастика»; (American Fiction);
«Үздік түпнұсқа сценарий» – «Құлау анатомиясы» (Anatomie d’une chute);
«Үздік анимациялық фильм» – «Бала мен құс» (Кимитачи ва Доу Икиру ка);
«Үздік режиссер» – Кристофер Нолан («Оппенгеймер»);
«Үздік қысқа метражды фильм» – «Генри Шугардың таңғажайып оқиғасы».