2019 жылы Үндістандағы ірі банк күтпеген жағдайға тап болады. Кешкілік уақытта банк жүйесінде түсініксіз әрекеттер байқалып, есепшоттардан ақша жоғала бастайды. Белгісіз хакер небәрі бірнеше сағат ішінде 500 миллион долларды өз шотына аударып үлгерген.
Бұл – банк тарихындағы ең жылдам және ірі хакерлік шабуылдардың бірі. Таңғаларлық оқиға осы жерден басталды. Банк қызметкерлері дабыл қағып, тергеу жүргізіп жатқанда, хакер оларға өзі байланысқа шығады. Ол ешқандай зиян келтіруді мақсат етпегенін, бірақ жүйенің осалдығын дәлелдеуді көздегенін айтқан. Хакер бірден барлық қаражатты банкке қайтарып, “IT” мамандарына жүйенің әлсіз тұстарын қалай күшейту керектігі туралы кеңес береді.