Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын 2025 жылға арналған діни күндер кестесін бекітті.
Кестеге сай келер 2025 жылы айлардың сұлтаны болған Рамазан айы 1 наурыздан басталады.
Ал Қадір түні 26 наурыздан 27 наурызға қараған түнге тұс келіп тұр.
Ораза айт 30 наурызға белгіленген.
Ал Құрбан айт 6 — 8 маусым аралығында болады. Сәйкесінше, 5 маусым — арапа күні.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жаңа айдың көрінуіне байланысты діни мерекелердің басталу уақытында өзгеріс болуы ықтимал екенін ескертті.