Жылына 1,2 миллион тонна цемент өндіреді

0 8

Әр өңірдің өзіне тән ерекшелігі мен тіршілігі бар. Соның бірі Кербұлақ ауданы. Бұл елді мекенде ауылшаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп салаларымен қатар ірі өндіріс те қарқынды дамуда.

2021 жылдың мамыр айында іске қосылған «Alacem» ЖШС цемент өндіру зауыты – Жетісу жеріндегі ірі өндіріс ошақтарының бірі. Жылына ол 1,2 миллион тонна цемент өндіреді. Өндіріс орнында қазір 560 адам еңбек етеді. Бүгінде зауыт өнімінің жылдық жоспары артты. Осыған байланысты қосымша 40 жұмыс орнын ашу көзделіп отыр.

Өндірістің негізгі шикізаты – әктас, саз, темір кені, домна шлак, гипс, көмір. Инвестициялық жобаны табысты іске асыру Жетісу және Алматы облыстарына оң мультипликативтік әсер беруде.

Зауыт іске қосылғалы бері ауданның дамуына 2,7 миллиард теңге қаржылай қолдау көрсеткен. Бұл қаражат Сарыөзек–Көктал жолын жөндеуге және өңірдегі әлеуметтік жобаларға жұмсалды.