Жүзден астам жемқорлық тәуекелі анықталған

0 2

Ақмола облысында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Облыс әкімі Марат Ахметжанов төрағалық еткен кеңеске облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің басшысы Асхат Оразхан, аумақтық құқық қорғау және атқарушы органдардың басшылары, облыс әкімінің аппаратына қарасты құрылымдық бөлімшелердің өкілдері, сондай-ақ қала және аудан әкімдері бейнеконференция арқылы қатысты.

Жиын барысында Асхат Оразхан туризм саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау нәтижелерін таныстырды. Сонымен қатар, агенттік басшысы ағымдағы жылы жүзеге асырылып жатқан «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» атты №4 базалық үлгілік бағыт шеңберіндегі жұмыстар туралы мәлімет берді. Осы кезеңде облыстағы 10 қала мен 10 басқарма және аудан әкімдіктерінің қызметі талданып, 118 жемқорлық тәуекелі анықталған.

Жиын барысында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мен туризм саласындағы жемқорлыққа қарсы шаралар бойынша облыстық туризм басқармасы мен мемлекеттік қызметтерді талдау бөлімінің басшылары да баяндама жасады.

Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімі тиісті басқармалар мен әкімдіктерге енгізілген ұсынымдар мен мониторинг қорытындыларының орындалуын жеке бақылауға алуды тапсырды.