Глазго университетінің ғалымдары жоғалып кеткен адамды қай жерден іздеу керегін болжайтын жаңа әдіс ойлап тапты.
Ғалымдар жасанды интеллект көмегімен адамның психологиялық реакцияларын модельдеп, барады-ау деген бағыттарын картаға түсіреді. Яғни жоғалып кеткен адамның іс-әрекетін, психологиялық жағдайын сараптап, болжам жасайды. Бұндай әдіс іздеу топтарының уақыт пен күшін дұрыс бағытта жұмсауына көмектеседі. Жүйе дрондармен біргіп, таулы аймақтарда, орманда, тіпті шөлде де жоғалған адамдарды тез табуға мүмкіндік береді.