Жемқорлықпен күрестің тиімді жолы – адал бизнес

0 1

Бүгінгі таңда еліміздің басты мәселелерінің бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес. Бұл – тек мемлекеттің ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Жемқорлық экономиканың дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, халықтың мемлекетке деген сенімін әлсіретелді. Сондықтан тұрғындар арасында адал бизнеспен айналысу мәдениетін қалыптастыру – өте маңызды қадам.

Адал бизнес – тұрақты дамудың негізі. Адал бизнес салықты уақытында төлеу мен заңдлы сақтау ғана емес , қоғамға пайда әкелу, әділ бәсекелестікке жол ашу, жұмыспен қамтуды арттыру, яғни ел дамуына үлес қосу да. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан адал кәсіпкерлерді қолдау үшін түрлі бағдарламалар жүзеге асырылуда. Атап айтсақ:

– «Бастау Бизнес» бағдарламасы;

– Салықтық және қаржылық жеңілдіктер;

– Ашық тендерлер мен мемлекеттік сатып алуға қатысу мүмкіндігі;

– Электронды үкімет (еgov) арқылы рұқсаттар мен құжаттарды жылдам рәсімдеу.

Мұның бәрі кәсіпкерлерді заң аясында жұмыс істеуге ынталандырады.

Мұндай жағдайда тұрғындар арасында адалдықты қалай қалыптастыруға болады?

  1. Ағартушылық жұмыс жүргізу – мектептер мен жоғарғы оқу орындарында адал еңбек туралы түсіндіру, құқықтық сауаттылықты арттыру.
  2. БАҚ және әлеуметтік желілерді пайдалану – адал кәсіпкерлердің табыс тарихын көрсету, үлгі ету.
  3. Қоғамдық бақылауды күшейту – тұрғындар мен кәсіпкерлер арасында ашық диалог орнату.
  4. Этика мен мәдениетті қалыптастыру – «адал болу – ұят емес, құрметке лайық» деген түсінікті қалыптастыру.
  5. Жастармен жұмыс – «Адал ұрпақ», «Саналы ұрпақ» секілді ұйымдарды кеңейту.

Жемқорлықпен күрес – әр азаматтың парызы. Әрбір азамат өз ісіне жауапкершілікпен қарап, заң талаптарын сақтап, ар-ожданымен жұмыс істесе, жемқорлық өздігінен жойылады. Мемлекет пен қоғам бірігіп, адал еңбек пен әділдікті жоғары қойса, болашақта жемқорлықсыз Қазақстан құруға толық мүмкіндігіміз бар.

Қорыта айтқанда, тұрғындар арасында адал бизнесті насихаттау – сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі. Әрбір азамат өз саласында әділ әрі таза жұмыс істеуге ұмытылса, еліміз дамудың жаңа белесіне көтеріледі. Бұл жұмыстарға сіз бен біз бір кісідей атсалысып, таза Қазақстан құру жолында әділ әрі таза жұмыс жасауымыз қажет.