Ислам діні бойынша Алланың жер бетіне ең алғаш жіберген пайғамбары ол – Адам ата мен Хауа ана. Жаратушымыз осы пендені бірін ер, екіншісін әйел жынысты қылып бір-біріне өмірлік серік болсын деп жаратқан екен. Яғни, гендерлік жағынан жер бетінде екі жынысты ғана адам сүруге міндетті екенін мойындау бізге берілген жауапкершілік.
Қазақ деп мақтансақ, бәрімізге найзасымен жауға шапқан батырлар, көкірегін оққа тосқан қайсар жігіттер, елім деп шырылдаған қоғам қайраткерлері, Әл-Фараби мен Абайдай ойшылдар, қолаң қара шашты қаракөз қыздар, Қыз Жібектей ақылды, Әлия мен Мәншүктей батыр қыздарымыз көз алдымызға елестеп, жүрегімізге бір мықты рух пайда болады.
Ал, қазір заман да адам да басқа. Кімнің еркек, кімнің әйел екенін ажырата алмайтындай хәлге жеттік. Кейде адам өз өмірін бастан аяқ өзгерткісі келеді. Кейбіреулер үшін бұл жаңа қадам, қоныс аудару, жаңа мамандық таңдау болса, кейбір адамдар үшін жынысын өзгертіп, өзін басқа қырынан көрсету. Жастардың арасында жынысын ауыстыру бір сәнге айналғандай болып кетті. Көбіне жынысын ауыстыру кездейсоқтықпен болмайды. Ол жыныстық зорлық көргеннен, ер адамның ағзасында әйелдік гармонның, әйел кісілердің ағзасында еркектік гармондардың көп болуынан немесе психологиялық тұрғыдан ауытқушылық пайда болуынан да болады. Науқастар ота жасатқаннан кейін де түрлі терапия мен гармондар қабылдайды. Ол дегеніміз, дауысты өзгерту, шаш өсіру, әйелдік энергия қалыптастыру және дене бітімін сақтау.
Әлем бойынша осы жыныс ауыстыру, медициналық сапасы жағынан және заңды тұрғыдан рұқсат беріліп көш бастап тұрған мемлекет ол Тайланд елі. Жастарымыз тура жолдан адасып, сол жақтың мәдениетіне қызығып, жаман жолға түсіп жатқаны жүректі ауыртады. Қазақстанда мемлекеттік медициналық сақтандыру жүйесі мұндай оталарды қаржыландырмайды, сондықтан, әр науқас өз қаражатынан қаржыландырылып отырады.
Әркім өз өмірін өзіне жайлы болатындай сүруге құқылы. Алла сізді қай жыныста жаратты сол абыроймен өмірімізді сүрейік. Алланың аманатына киянат жасамайық. Егер қалтаңызда ақшаңыз болса садақа беріңіз, жетім-жесірлерге көмек беріп, сауабын алыңыз.